Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің қарулы үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісін бірден тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Н.А. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының вокал-хор факультетін «опера әншісі, концерттік әнші, педагог» мамандығы бойынша (1981); Т. Жүргенов атындағы Алматы өнер академиясының музыкалық спектакльдер режиссурасы факультетін «музыкалық режиссер» мамандығы бойынша (1996) бітірген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (1997 жылдан); өнертану профессоры (2003 жылдан). 10-нан астам мақаланың авторы, бұқаралық ақпарат құралдарына көптеген сұхбат берген. Оның қатысуымен болған 6 опера спектаклі және 3 жеке концерт Қазақстанның радио және телевизияcының алтын қорына енгізілді. Еңбек жолы: 1981-1996 жылдары – Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі. 1996-1997 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, профессоры. 1997-1998 жылдары – Ақмола мемлекеттік филармониясының директоры, көркемдік жетекшісі. 1998-2007 жылдары – Астана Музыка академиясы жеке ән орындау кафедрасының меңгерушісі. 2007-2009 жылдары ШҚО Мәдениет басқармасының бастығы. 2009-2012 жылдары – ШҚО мемлекеттік филармониясының директоры. 2012 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген (2003 ж., магистратура 2005 ж.); Қазіргі заманғы гуманитарлық академия, Мәскеу (2007)
Еңбек жолы: заңгер, заңгер, жеке ұйымдарда бас заңгер (2000-2005); кіші ғылыми қызметкер, азаматтық, азаматтық іс жүргізу және заңнаманың басқа да сабақтас салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу секторының меңгерушісі, заң жобалау жұмыстары бөлімінің меңгерушісі (2005-2008); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құқықтық қамтамасыз ету және кадр қызметі бөлімінің заң кеңесшісі, құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы (2008-2009); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сектор меңгерушісі, заң бөлімі басшысының орынбасары, әкімшілік-қаржы бөлімінің, заң бөлімінің басшысы (2009-2016); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Жоспарлау, талдау және есептілік басқармасының басшысы (2016-2021 жж.).
2021 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясы 20 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясы 25 жыл», «Қаржы сақшысы» II, III жыл медальдарымен марапатталған.
Батыс Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистрантурасын тәмамдаған. Еңбек жолы: 2007-2011 жылдары – халық аспаптары академиялық оркестрі, филармония әртісі. 2009-2013 жылдары – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының оқытушысы. 2011-2013 жылдары – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор. 2013-2019 жылдары – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры. 2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2015), ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2017) марапатталған.
Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген, халық оркестрінің дирижері (2008).
2009 жылдан бері қазіргі қызметінде.
Музыка өнерін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды (2018). «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (2011).