3 сәуір күні Қазақстан аумағында жел күшейіп, жауын-шашын түседі

Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет ел аумағында 3 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктер жазғандай, антициклон ҚР батыс бөлігіне әсер етіп жатыр, сол себепті жауын-шашын күтілмейді.

«Республикамыздың шығыс жартысынан фронталды айматың әсерінде, сол себепті жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр түсіп, найзағай ойнайды.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта — көктайғақ, батыста шаңды дауыл күтіледі», деп жазды ведомстводан.