ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ақжар мен Ақсуат ауылдарынан жаңа туған 3 шақалақ, Катонқарағай ауданынан әйел және Алтай қаласынан ер адам тікұшақпен Өскемен қаласына жеткізілді. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуі тиіс болған.
«Жедел әрекет ету үшін «Eurоcopter-145» тікұшағының ұшқыштары күн жарық кезде пациенттерді алып Өскеменге жетуі керек еді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, соңғы күндері өңірде қолайсыз метеожағдай қалыптасқан. Бірақ соған қарамастан ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Игорь Мухин мен Илья Точай азаматтарды жедел жеткізіп тастады.