НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде қар барысын қорғауға арналған халықаралық конференция өтеді.
10.00-де ҚР Парламеті Мәжілістің жалпы отырысы басталады.
10.00-де «RIXOS» қонақ үйінде ТМД елдерінің пенитенциарлық жүйе қызметтері басшылары кеңесінің IV отырысы өтеді.
10.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі «Еуразия астаналарының қаламгерлері» халықаралық форумына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Жастар жылын өткізу барысы және ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
11.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Green Energy & Waste Recycling Forum - GEWR'19» қалдықтарды басқару және жаңартылатын энергия бойынша IV Еуразиялық бизнес-форум туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы басшылығының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуы негізінде «Елорда бейнесі архив құжаттары мен сирек басылымдарда» атты құжаттық көрме өтеді.
16.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында зияткерлік турнир өтеді.
16.20-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдындағы есебі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
16.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында әйгілі мәскеулік «Современник» театрының Нұр-Сұлтанға сапары бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
17.00-де RixosAstana қонақ үйінде «Нұр-Сұлтан - Токио» рейсі таныстырылады.
18.00-де Chaplin Khan Shatyr кинотеатрында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтеді.
18.00-де Тәуелсіздік сарайында «Racing the Galaxy» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылады.
АЛМАТЫ
14.30-да Азаматтық орталықтың Мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша №1 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.