3 ТАМЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 3 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

3 тамыз, ЖЕКСЕНБІ АҚШ-та Ұлттық күлкі апталығы. Тамыздың алғашқы толық аптасы күлкі апталығы деп жарияланған. Литвада қолөнер шеберлерінің күні. Литваның Друскининкай қаласының орталық алаңында суретшілер мен қолөнер шеберлері өздерінің жұмыстарын сатады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 54 жыл бұрын (1960) Теміртаудағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды. 236 жыл бұрын (1778) Миланда алғашқы опера залы «Ла Скала» ашылды. Оны сәулетші Джузеппе Пьермарини Санта Мария делла Скала ескі шіркеуінің орнына тұрғызды. 219 жыл бұрын (1795) Париж консерваториясының негізі қаланды.

131 жыл бұрын (1882) АҚШ Конгресі айкезбелерге, қылмыскерлер мен есуастарға елге кіруге тыйым салды, сондай-ақ 10 жылға қытайлықтардың иммиграциясына тыйым салды. 109 жыл бұрын (1907) Португалияда жексенбі демалыс күні болып жарияланды. 100 жыл бұрын (1914) Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Францияға соғыс жариялады. 91 жыл бұрын (1923) АҚШ-тың 30-ыншы президенті Келвин Кулиджаның инаугурациясы өтті. 88 жыл бұрын (1926) Пиккадилли алаңында Лондондағы алғашқы бағдаршамдар орнатылды. 69 жыл бұрын (1945) барлық этникалық немістер мен венгриялықтар Чехословакия азаматтығын алу құқығынан айырылды. 65 жыл бұрын (1949) АҚШ-та американдық баскетбол қоғамдастығы мен Ұлттық лиганың біріктірілуінен Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) құрылды. 64 жыл бұрын (1950) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ-ға Қытайдың кіруіне қарсы дауыс берді. 58 жыл бұрын (1956) Сирияда әскери төңкеріс болды. 56 жыл бұрын (1958) Американың «Наутилиус» атомдық сүңгуір қайығы алғашқы рет Солтүстік полюске су астымен жетті. 54 жыл бұрын (1960) Нигер Франциядан азаттығын алды. 35 жыл бұрын (1979) Экваториалдық Гвинеяда әскери төңкеріс болды. 34 жыл бұрын (1980) Мәскеуде ХХІІ Олимпиадалық ойындардың ресми жабылуы өтті. 26 жыл бұрын (1988) Қызыл алаңға өзінің ұшағын отырғызған неміс Матиас Руст орыс түрмесінен мерзімінен бұрын шығарылды. ЕСІМДЕР 81 жыл бұрын (1933) Қазақстан-Ресей университетінің ректоры МОЛДАХМЕТОВ Зейнолла Молдахметұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы Октябрь ауылында 1933 жылы 3 тамызда туылған. Құрмет Белгісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен, ҚазССР жоғары Кеңесі Құрмет грамотасымен, «Астана» медалімен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ кеуде белгісімен, Білім беруді дамытудағы еңбегі үшін «Платон» Алтын медалімен, «Қоғам қадірі» Ресей ұлттық қоры Алтын құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдық мерейтойына арналған елдің «Парасат» жоғары орденімен, Қазіргі заманғы Гуманитарлық Академияның «Білім және әділдік серісі» орденімен, Оксфорд университетінің халықаралық наградаларымен марапатталды, 1993 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген құрметті атағы» берілді. 1963 жылдан 1965 жылға дейін С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде физикалық химия кафедрасының оқытушысы болып, одан соң Целиноград педагогикалық институтының проректоры болып жұмыс істеді. 1965-1974 жылдары аға ғылыми қызметкер лауазымында, одан соң ҚазССР ҒА Химия-металлургиялық спектроскопия зертханасының меңгерушісі, ғылыми іздеулерді жалғастырады. 1974-1975 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми жұмыс бойынша проректор болып жұмыс істеді. Осы жылы физикалық химия мамандығы бойынша профессорлық ғылыми атақ бекітілді. 1975 жылы Шымкенттегі Қазақ химия-технология институттың ректоры. 1975-1980 жылдары институт ректоры болды. 1984 жылы ол республикада бірінші Қарағанды мемлекеттік университетінде кванттық химия кафедрасын ашты, 1988 жылы физика-химиялық зерттеулердің әдістер зертханасын құрды. 1988 жылы З.М.Молдахметов ҚазССР ҒА Орталық-Қазақстан бөлімінің академик-хатшысы болып сайланды. Ол 1989 жылдың 2-3 ақпанында Қарағандыда Жезқазған, Целиноград, Қостанай, Көкшетау облыстарының облыстық құрылым жетекшілерінің қатысуымен, жетекші жоғары оқу орындарының, барлық аймақтардың кәсіпорын және бірлестік, институттар салаларының қатысуымен өткізілген Қазақ ССР ҒА Президиумының көшпелі отырыстарын ұйымдастырушы және негізгі бастамашының бірі. 1991 жылдан органикалық синтез және көміртек химиясы Институтының (ОСКИ) директоры. 1998 жылы академик З.М.Молдахметовтың бастамасымен Қарағандыда Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық Университеті құрылды, ол кейіннен еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан-Ресей Университеті болып қайта аталды. Бұл жоғары оқу орнының ашылуы екі елдің президенттері қол қойып, ХХІ ғасырға бағдарлаған, Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық пен мәңгі достастықтық туралы Декларация ережелерінің бірін тәжірибелік жүзеге асыру болып табылады. 1983 жылы З.М.Молдахметов Қазақ ССР ҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды, ал 1989 жылдан Қазақ ССР ҒА толық мүшесі (академигі). 1993 жылы оған «Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер» Құрметті атағы берілді. 70 жыл бұрын (1944) заң ғылымының кандидаты ЮРЧЕНКО Раиса Николаевна дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Семей қалалық сотының судьясы болған. 1973-1982 жылдары - Семей қаласы Киров аудандық сотының төрағасы. 1982-1985 жылдары - Семей облыстық сотының судьясы, төрағаның орынбасары. 1985-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 2001 жылдан Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, судьясы болған. 2 медальмен марапатталған. 55 жыл бұрын (1959) ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасының орынбасары КАДЮКОВ Николай Викторович дүниеге келді. 1959 жылы туған. Ұлты - орыс. 1980 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1979 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген, мамандығы «экономика және басқару». 2007 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - заңгер. Еңбек жолын 1979 жылы Қарағанды облыстық кеңесінің «Буревестник» ерікті спорт қоғамында бастады. 1986-1991 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1991-1995 жылдары Москва қаласындағы «Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясы кәсіпорындарының іскерлік қатынасына жәрдемдесу ассоциациясы» коммерциялық мәселелері бойынша директордың орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласындағы «Мақсат» акционерлік банкінің менеджері, 1997-1998 жылдары «Қарағанды - Карбид» акционерлік қоғамының басқарушысы болып істеді.1998 жылдың тамызынан 1999 жылдың желтоқсанына дейін «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ-ның Қарағанды филиалы директорының орынбасары болып істеді. 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2000 жылдың наурызынан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді. 42 жыл бұрын (1972) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ӘБІЛДАЕВ Азамат Рахатұлы дүниеге келді. 1972 жылы Алматы олысы Жамбыл ауданы Қастек ауылында туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1999-2004 жж. - «Алмаз» шаруа қожалығында басқарушы директор. 2004-2007 жж. - «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры. 2007-2009 жж. - «ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС президенті. 2009-2010 жж. -«ПромИнвестАзия» Сауда-қаржы холдингі» ЖШС қадағалау Кеңесінің төрағасы, консультанты. 2010-2011 жж. - «Қазақстан тас өнімдері» ЖШС, ӨБ президенті. 2011-2012 жж. - «Корпорация «Казгранит» ЖШС президенті. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен, «За верность делу» ІІ дәрежелі медальдарымен марапатталған. 1998 жылдан - «Ақбөкен» қоғамдық қорының мүшесі. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі. 29 жыл бұрын (1985) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылы студенттер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ЖАЙЛАУОВ Ғани дүниеге келді. Қызылорда облысы Арай кентінде туған. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан Республикасының намысын қорғауда. 60 келіге дейінгі салмақтық дәрежеде өнер көрсетеді. Ойындарға жолдаманы өткен жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында жеңіп алды. Ғани Жайлауовтың жаттықтырушысы танымал бапкер Нұрлан Ақүрпеков. 203 жыл бұрын (1811-1861) американдық қауіпсіз лифті өнертапқышы Элиша Грейвс ОТИС дүниеге келді. 142 жыл бұрын (1872-1957) Норвегияның 1905-1957 жылдардағы королі Хокон VII дүниеге келді. 130 жыл бұрын (1884-1980) 20-шы ғасырдың көрнекті геоботаниктерінің бірі, франко-швейцарлық геоботаниктер мектебін құрушы және жетекшісі, өсімдіктердің классификациялық жүйесін құрушы ЖОЗИАС Браун-Бланке дүниеге келді. 111 жыл бұрын (1903-2000) Тунистің тұңғыш президенті, саяси және мемлекет қайраткері БУРГИБА Хабиб Бен Али дүниеге келді. 79 жыл бұрын (1935-2012) молдаван және кеңес опера және камералық әншісі, КСРО халық әртісі БИЕШУ Мария Лукьяновна дүниеге келді.