8.00-де Ақмола облысындағы «Боровичок» сауықтыру орталығымен таныстыру бойынша баспасөз туры өтеді.
10.00-де Ұлттық музейде суретші Яссауи Ағытаевтың «Дәстүрге толы өмір» көрмесі ашылады.
10.00-де Ұлттық музейде Берік Молжігіттің «Менің әлемдерім» көрмесі өтеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астанада тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: «Clean City NC» ЖШС Өндіріс бойынша басқарма басшысы Айбек Турсынбеков. Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
13.20-да Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Екібастұз ЖЭО-на бару қорытындысы бойынша көшпелі баспасөз конференциясы өтеді.
14.00-де Конгресс-орталықта Сауда және интеграция министрлігі Астанада Қазақстан-Ауған іскерлік форумын өткізеді. Шараға Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Ауғанстанның Коммерция және индустрия министрі Азизи Нұриддин, сондай-ақ екі елдің 300-ден астам бизнес және үкіметтік топтарының өкілдері қатысады.
14.30-да «Жастар» сарайында Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады.