АСТАНА
10.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық конференциясы басталады.
10.00-де Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бас есепшілері мен қаржы секторындағы жетекші мамандарының жалпыреспубликалық съезі өтеді.
10.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Үндістан сыртқы істер министрлері кездеседі.
10.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясы Астана қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп Медиация күніне арналған Ашық есік күнін өткізеді.
11.00-де «Үкімет үйінде» Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің алғашқы жартыжылдықтағы қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ақпараттық байланыс орталығында (Call-centre) баспасөз турын өткізеді.
17.00 -18:30 аралығында «Транспорт тауэр» ғимаратында «Protecting business and Investments» Жобалық офисі алаңында кәсіпкерлік субъектілер мен инвесторлар үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.
ҚЫЗЫЛОРДА
10.00-де Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» кәсіби медиаторлардың қатысуымен ашық есік күні өтеді. Онда медиаторлар түрлі заңдар бойынша тұрғындарға тегін кеңес береді.