3 тамыз. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 3 тамыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

48 жыл бұрын (1975) Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Мұратұлы БАЙШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1997-1999 жылдары – Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 1999-2002 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, бөлімнің аға прокуроры. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі. 2003-2005 жылдары – ҚР ӘМ заңнама, заңға тәуелді актілер департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің қаржы-несие саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің басшысы. 2006-2007 жылдары– Алматы облысы Іле ауданының прокуроры. 2007-2008 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры. 2008 жылы Алматы қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы болды. 2008-2009 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы. 2009-2011 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2011-2018 жылдары – Астана қаласы прокурорының орынбасары. 2018-2019 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, департамент директоры. 2019 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сатып алуларды бақылау және мониторингілеу департаментінің Бақылау қызметінің басшысы болды. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметіне 2021 жылдың шілде айында кірісті.

43 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Түркістан облысынан сайланған депутат Қадырбек Мұрат Болатұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара қаласында туған.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық прокуратурасының сот актілері мен атқарушылық іс жүргізулерінің заңдылығын қадағалау бөлімінде прокурордың міндетін атқарушы болып бастады. 2005-2007 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алды. 2007-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы №2 сотының судьясы, 2008-2009 ж. Астана қаласында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау, қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару бөлімі бастығының орынбасары. 2009-2010 ж ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары. 2010-2011 ж Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары; 2011-2012ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары. 2013-2014 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы басқармасының бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы; 2014-2016 ж. Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық істері департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы. 2016-2021 ж Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі; 2021-2023 ж. Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Қазіргі жұмысына 2023 жылдың қаңтарында кірісті.