3 тамызда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамызда ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бұл күні еліміздің оңтүстігінде жауын-күн ашық болады.Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл көтеріліп,бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылкүтіледі, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууыықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдіңжылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріндедауыл тұруы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең жел 18-23 м/скүшейеді, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында қаттыыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарыныңкей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.