Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең жағалауда тұман түседі деп күтілуде. Алматы, Атырау облысында, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жуырдағы үш тәулікте Алматы облысының өзендерінде биік таудан жиналған судың есебінен су шығынының ұлғаюы күтілуде. Республиканың оңтүстігі және шығысының өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы күтілуде. Қазақстанның жазықты аумағындағы өзендерде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.