«Коронавирус індетінің салдары әлем экономикасының даму болжамдарын қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Әлемдегі ең ірі экономикалардың жандана бастауына қарамастан, коронавирустың екінші толқыны және АҚШ пен Қытай арасындағы саяси, сауда келіспеушіліктерінің күшеюі аясында ұзақ қалпына келтіру тәуекелдері сақталуда. Әлемдік экономиканың қалпына келе бастауы және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі нәтижесінде Brent маркалы мұнайға баға белгілеу осы жылғы сәуірде ең төменгі белгіден 25 тамызда бір баррель үшін 45,1 АҚШ долларына дейін 2,8 есе өсті», - деді ол.
ҰБ төрағасының дерегінше, биыл мұнай бағасының одан әрі өсуі коронавирустың екінші қайталану мүмкіндігіне, АҚШ пен Қытайдың сауда қатынасының шиеленісуіне байланысты, сондай-ақ ОПЕК қатысушылары осы жылғы 1 тамыздан бастап мұнай өндірісін шектейтін болады.
«Ұлттық банктің қазақстандық кәсіпорындарға жүргізген пікіртерімдері осы жылғы 3-ші тоқсанда экономикалық белсенділіктің қалпына келуі қарқыны төмендейтінін көрсетеді. Биыл шілдеде басталған іскерлік белсенділіктің төмендеуі осы жылғы тамызда да карантиндік шектеулер аясында жалғасуы мүмкін. Өзектендірілген макроэкономикалық деректерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ақша-кредит саясатының көрсеткіштері бөлігінде жаңартылды»,- деді Ерболат Досаев.