3 жасар бала ішкен газдалған сусын бөтелкесінен егеуқұйрық шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Грейвстер жанұясы газдалған сусын бөтелкесінен егеуқұйрық тапты.

Бұл сусынды үш жасар бала ішкен. Нәрестесінің денсаулығы үшін қатты алаңдаған отбасы бөтелке мен оның ішіндегі сусынға өздері сараптама жүргізуге ниетті, деп хабарлады mirfactov.com.