3 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 3 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен шығыста, орталықта, солтүстік-батыста және Алматы облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын сақталады, ҚР қалған аймақтарында жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында, оңтүстіктің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстіктің таулы аудандарында жел күшейеді.

Соңғы жаңалықтар