30 баланың әкесі алимент төлеуден бас тартып отыр

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Американың Теннеси штатында 33 жастағы Десмонд Хэтчетт (Desmond Hatchett) сотқа арызданды.

Оның арызы сот төрешілерін таңқалдырды. 30 баланың  әкесі атанған Десмонд соттан оны алимент төлеуден босатуды сұрап отыр. 

WREG-TV хабарлағандай, өзінің өтінішін ол қазіргі уақытта жалақысының жартысынан көбін бірнеше әйелдерден туған 30 баласына беретіндігімен түсіндірді. Оның ұлдарының ең үлкені 14-те болса, ең кіші төртеуі бір жасқа да  толмаған. Десмондтың алатын жалақысы көп те емес. Сондықтан да алименттердің мөлшерлері сәйкесінше аз. Оның соңғы балалары айына небәрі 1,49 доллардан алады.