Осынау қайырымдылық шарасына жергілікті мәслихаттардың депутаттары қолдау білдіріп отыр. Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты аз қамтылған 18 отбасыны жыл аяғына дейін азық-түлік себетімен қамтамасыз етпек. Ал, Индер аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасыны қамқорлығына алды.
Жылыой ауданының «Теңіз» кенішіндегі мердігер мекемелердің бірі – «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев 100 мүшесі бар бірнеше жанұяның әрқайсысына 10 мың теңгенің азық-түлік сертификатын табыстады.
«Біздің компания қамқорлықты қажет ететін отбасыларға ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Мұндай қолдау алдағы уақытта жалғаса береді», - дейді Орақ Бисембиев.