ЕСІМДЕР
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарих-философия-лингвистика институтын бітірген. 1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды. Алдымен «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болды. Өзінің болашақ романы - «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде дәл осы жердегі өмірден жинақтаған. Ол Қазақстан жазушылары одағының I съезіне делегат болып қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі. 1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттеме-очерк, мақалалары арқылы - публицист, өлең-жыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алды. 1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді.
Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын инженер-механик (1983); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін заңгер мамандығы бойынша бітірген (1994). Еңбек жолы: «Аягөз құрылыс-27» трестінің ОӘК инженер-диспетчері (1983-1984); Семей облысы Ішкі істер басқармасының Абыралы аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, қылмыстық іздестірудің жедел уәкілі, жедел уәкілі, кезекші орынбасары (1984-1993); Семей облысы Ішкі істер басқармасының Абыралы аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы (1993-1997); Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотының төрағасы (1984-1993); 1997-2000 жж.); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Шығыс қазақстан облысы соттарының әкімшісі (2000-2002); Семей гарнизоны әскери сотының төрағасы (2008-2017). Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қазанынан бастап.
Қостанай облысында туған. Челябинск жоғары танк училищесін (1985); Бронды танкі әскерлері әскери академиясын (1996); РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын (2009) бітірген. ГДР-дағы (Шығыс Германия) әскери бөлімде взвод, рота командирі (1985-1989); ҚР ҚМ Сарыөзек танк батольоны командирінін орынбасары (1991-1992); Алматы танк батальоны командирі (1992-1996); Үшарал мотоатқыштар бригадасының командирі (1996-1999); ҚР ҚМ Сарыөзек дивизия штабының бастығы (1999-2000); Аягөздегі механикаландырылған дивизияның командирі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының бірінші орынбасары (2000-2007); «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2009-2010); ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлер Бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары – әскери дайындық бас басқармасының бастығы (2010 жылдан). ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен; көптеген медальдармен наградталған.
Алматы қаласында туған. Еңбек жолы: «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5 разрядты ағаш шебері-станокшы (1990-1991); «Четыре и К» шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорнының шеф-монтаж бөлімінде нұсқаушы (1991-1992); «Единство» Шағын мемлекеттік кәсіпорнының директор орынбасары (1992-1993); «Назигум» шағын жеке кәсіпорнының директоры (1993-1996); «Универсал» АҚ Президенті (1996-1999); «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры (1999-2005); «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС-ның бас директоры (2005-2008); «Универсал» ЖШС Президенті, бас директорының кеңесшісі (2008-2010); «Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС-ның директор кеңесі басқармасының, «Универсал»ЖШС-ның төрағасы (2016 жылдан бері). Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қарашасынан бастап. «IMPORT EXPORT AWARD» орденімен (2014); «Ерен еңбегі үшін» медалімен; «Жылдың үздік топ-менеджері» («Best Manager of the Year») халықаралық дипломымен және Құрмет белгісімен (2012) марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Алтын сапа», «Үздік кәсіпкер» (2007), Алматы облысында да, Қазақстан Республикасында да өндіріс саласындағы «Үздік кәсіпкер» (2007) сыйлықтарына, интеграциялық процестерді дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «United Europe» (біріккен Еуропа) халықаралық сыйлығына (2007) ие болды.
Павлодар облысында туған. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «журналист» мамандығы бойынша, 2015 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан телерадио кешені» Республикалық корпорациясында бастаған. 2000 жылдардан бастап «Қазақстан телерадиосы» Республикалық корпорациясында әртүрлі қызметтер атқарған. 2002 жылы «Астана» телеарнасында журналист болды. 2005 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру АҚ ақпараттық-талдау орталығының» баспасөз қызметінде болды. 2008 жылдан бастап «ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінің хатшысы; 2011 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы; 2016 - 2018 жылдар аралығында түрлі жеке компанияларда болды, «КазАгроМаркетинг» ЖШС-ның басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған. 2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың тамыз айынан бастап. 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.