АСТАНА
Таңғы сағат 9:30-да ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы экономикалық зерттеулер институты мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорына қарасты Әлемдік экономика мен саясат институты ғылыми конференция өткізеді. Сол жерде сараптамалық жұмыстың тиімділігі, институттар мен орталықтардың қызметі кеңінен талқыланады.
10:00-де «Руxани жаңғыру» бағдарламасын басқару кеңсесінде «Қазақстанның жалпыұлттық киелі жерлері» мен «Қазақстанның аймақтық киелі жерлері» жинақтарының таныстырылымы ұйымдастырылады.
10:00-де Үкіметтің кезекті отырысы басталады. Күнтәртібінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банктің 2018 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемесі, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ ұлттық құраманың Пxенчxан қаласындағы XXIII Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі.
11:15-де ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Сол жерде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азияның аймақ ішіндегі бөлімшесі бойынша әкімшілік пен қаржылық шараларға қатысты келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады.
12:30-де Астананың Ұлттық теннис орталығында Дэвис Кубогының 1/8 финалына арналған баспасөз мәслиxаты өтеді.
13:00-де «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бас кеңсесінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен көлік-логистика кешенінің тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған республикалық кеңес өтеді.
15:00-де «Нұр Отан» партиясының республикалық, аймақтық және территориалдық қоғамдық қабылдау бөлімдерінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты xалыққа Жолдауы мен «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланады. Аталған шараларға Қазақстан xалқы Ассамблеясы мен ғылыми интеллигенцияның өкілдері қатысады.
16:00-де ҚР Парламент Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінде «Газ және газбен қамтамасыз ету туралы» заң жобасы таныстырылады.
16:30-да ҚР Ұлттық музейде «Парламентаризмнің даму негіздері. Қазақстан мен Германия конституциализмнің тариxы» тақырыбында семинар өтеді. Шараның ұйымдастырушылары - Ұлттық музей мен Конрад Аденауэр атындағы қор.
17:00-де Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған көрме ашылады. Шараның ұйымдастырушылары - Израиль елшілігі мен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапxанасы.
АЛМАТЫ
9:30-да «Қазақстан» қонақ үйінде Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы бәсекелестік мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді.
11:00-де Достық үйінде Қазақстан xалқы Ассамблеясының республикалық кеңесі ұйымдастырылады.
11:00-де кеден және салық заңнамасындағы өзгерістерге арналған семинар-кеңес өтеді.
11:30-да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры баспасөз мәслиxатын өткізеді.