Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі, күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетуі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман күтіледі.
Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысында аяз сақталады, кей жерлерінде өте қатты аяз болады, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.