Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.
Атырау облысының солтүстігінде тұман, батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел күшейеді - 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.
Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді.