АСТАНА
9.30-да ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен алғаш рет «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар» форумы өтеді.
9.30-да Бебітшілік және келісім сарайында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат қоғамдық сананы жаңғырту аясында» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының VII Форумы өтеді.
9:30-да «Мариот» қонақ үйінде ҚР ІІМ және ЕҚЫҰ бірлесіп, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.
10.00-де Sputnik Қазақстан порталының мультимедиялық баспасөз орталығында «Қазақстан мен Қырғызстан қатынастарын жаңғырту - тараптар пікірі» тақырыбында Астана-Бішкек видеокөпірі өтеді. Сарапшылар бауырлас мемлекеттердің қарым-қатынастарындағы қазіргі жағдайды талқылайды және шиеленісті реттеу бойынша ұсыныстарын айтады.
10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша аралас комиссияның бесінші отырысы басталады.
10.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі міндетін атқарушы Элис Уэллстің төрағалығымен Стратегиялық серіктестік бойынша қазақстандық-америкалық комиссияның Шолу сессиясы өтеді.
10.20-да «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған партияға мүшелікке салтанатты қабылдау рәсімі өтеді.
Сонымен бірге 11.00 және 15.00-де «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Республикалық қоғамдық қабылдау күні» өтеді.
13.00-де Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушы анықталады және естелік сыйлықтармен марапатталады.
14.30-да «Үкімет үйінде» ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Өміржан Тәшімовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Қазақстандағы Ливия елшілігі БАҚ-та тараған Ливиядағы құл саудасы туралы ақпаратқа қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді.
16.00-де ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтеді.
16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Инновациялық конгресс, инновациялық жобалардың көрмесі және Ұлттық инновациялық байқаудың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
АЛМАТЫ
09.00-13.00 аралығында «Біз - Алматы» жобасының «Жасыл дәліз» тақырыбындағы екінші форумы өтеді. Ұйымдастырушылар - Британдық кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ және «Қазақ-Британ техникалық университеті».
11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтеді.
11.00-де индустриялық дизайн орталығы ашылады. Орталықты Tech Garden Қазақстандағы инжинирингтік және жобалау қуаттылығын арттыру мақсатында Satbayev University-мен бірлесіп құрған.
10.00-18.00 аралығында шаштараз, тырнақ эстетикасы, макияж, боди-арт және қасты үлгілеу бойынша Қазақстан Республикасының ІІ чемпионаты өтеді. Шараны ҚР Сұлулық индустриясы қауымдастығы Алматы әкімдігінің және «Атамекен» ҰКП қолдауымен ұйымдастырған.
16.00-де Алматы қаласының авиациялық базасына «Airbus Military» еуропалық әуе концернінің жаңа С-295 испандық ұшағы жеткізіледі.
17.30-да Т.Құлыбаевтың төрағалығымен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысы өтеді.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
11.00-де Қарағанды облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жаныдағы Іскер әйелдер кеңесінің форумы өтеді.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өңірдегі жер телімдерін пайдалану ережелері туралы» брифинг басталады.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
10.00-де Шымкент қаласындағы облыстық филармонияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы облыстық жас мұғалімдер форумы өтеді. Онда жас мұғалімдердің мәселелері мен өзін-өзі жетілдіру және жастардың білім беру жүйесін дамытуға, еліміздің рухани жаңғыруына өз үлесін қосуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру мәселелері талқыланады.