АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Жаңажылдық Бас шыршасының шамдарын жағады.
Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«30 қарашада Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Жаңажылдық Бас шыршасының шамдарын жағу жыл сайынғы дәстүрлі рәсіміне қатысады»,-деді А. Әбибуллаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.