Жабал ЕРҒАЛИЕВ, журналист, публицист, жазушы-драматург, қоғам қайраткері
1955 жылы Ақмола облысы Чкалов ауданындағы Қарағаш ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1973-1997 жылдары «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, тілші, бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1973-2005 жылдары «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы, 2005-2011 жылдары Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, 2007-2011 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, 2013 жылы Ақмола облысы Ішкі істер департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болды. 2011-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақмола облысынан сайланған депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, 2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, 2024 жылы Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды.
Асқар ЫДЫРЫСОВ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
1975 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тау-кен инженері-электромеханик мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1997-1998 жылдары Жезқазған университетінде ассистент болып қызмет етті. 1999 жылы Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау агенттігінде жетекші және бас маман, 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінде бас маман, 2001 жылы «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-та маман болды. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде басқарма бастығы, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау комитетінде басқарма бастығы болып тағайындалды.
2003-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде консультант, бас консультант, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, 2008 жылғы қарашадан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2013 жылы Сәтбаев қаласының әкімі, 2013 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қаңтарға дейін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, 2014 жылғы қаңтардан 2016 жылғы желтоқсанға дейін «Нұр Отан» партиясының Активтерді басқару департаментінің директоры болды. 2016-2023 жылдары Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы қаңтардан бастап атқарып келеді.
Аманкелді ДОСЖАНОВ, ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары
1976 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолы: 1997 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетінің Қоғамдық тергеулер бөліміндегі жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінің есірткі қылмыстары, бопсалау және жол-көлік оқиғаларын тергеу тобының тергеушісі болды. 1997-1999 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде тергеуші, 1999-2000 жылдары аға тергеуші, 2000-2001 жылдары тергеу бөлімінің бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2001-2002 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қалалық ІІБ тергеу бөлімінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, кейін бастығы болды; 2002-2005 жылдары Жаңаөзен қалалық ІІБ бөлім бастығының орынбасары, тергеу бөлімшесінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы ІІБ бастығы, 2006-2007 жылдары Маңғыстау облыстық ІІД басқармасы штабының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бөлімінің бастығы болды. 2007-2008 жылдары Маңғыстау облыстық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы Қарақия ауданы ІІБ тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары, кейін бастығы қызметтерін атқарды. 2009 жылы Маңғыстау облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, кейін аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі болды. 2009-2014 жылдары Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық ІІБ бастығы, 2014-2015 жылдары Мұнайлы аудандық ІІБ бастығы, 2015-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық ІІБ бастығы қызметтерін атқарды. 2018-2026 жылдары Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы ақпаннан бастап атқарып келеді.
Сапар САТАЕВ, Теміртау қаласының әкімі
1980 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2009 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2002 жылы «Қазақавтодор» РМК-да жұмыс істеді. 2002-2010 жылдары «Ботақара су қожалығы» КМК директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы болды. 2010-2013 жылдары Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің әкімі, 2013-2015 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласының әкімі, 2015-2021 жылдары Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болды. 2021-2023 жылдары Приозерск қаласының әкімі, 2023-2026 жылдары Балқаш қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бастап атқарып келеді.
Медет ШОТАБАЕВ, қазақстандық опера әншісі (тенор)
1981 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2003 жылы М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің вокал бөлімін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Жеке ән салу» бөлімін бітірген. 2008 жылы Италиядағы Рената Тибальди мен Марио дель Монако атындағы академияны тәмамдаған.
Еңбек жолы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болды. 2013 жылдан бастап «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері: 2003 жылы Қазақстан жас орындаушыларының IV республикалық байқауының II орын лауреаты атанды; 2005 жылы Семейде өткен ұлы Абайдың 160 жылдығына арналған облыстық байқаудың Гран-при жүлдесін иеленді; 2006 жылы «Шабыт» IX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері болды; 2007 жылы Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистердің халықаралық байқауында I орын алды; 2008 жылы Италияның Порто-Реканати қаласында өткен Беньямино Джильи атындағы халықаралық байқаудың дипломанты атанды; 2009 жылы Мәскеуде өткен М. И. Глинка атындағы XXIII халықаралық вокалистер байқауында I орын мен үздік тенорға арналған арнайы жүлдені иеленді, сондай-ақ Финляндияда өткен «XXI ғасыр өнері» халықаралық байқауының Гран-при жүлдегері атанды; 2010 жылы Парижде өткен «Болашақтың үздік дауыстары» халықаралық байқауында III орын алды; 2011 жылы «Опералия-2011» байқауына қатысты; 2012 жылы Румынияда өткен Х. Даркле атындағы халықаралық вокалистер байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Марапаттары: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы; «Алтын Адам» ұлттық сыйлығының «2011 жылғы Қазақстанның жыл адамы» аталымының лауреаты; «Отандық опера сахнасының жарық жұлдызы» арнайы сыйлығының иегері (Алматы, 2011); Италия Жұлдызы орденінің кавалері (2018 жылғы наурыз).
Рымкеш ОМАРХАНОВА, кеңестік, қазақ театр актрисасы, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі
1939 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесінің театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1957 жылы халық театрының актрисасы болды; 1963 жылы Қарағандыдағы С. Сейфуллин атындағы облыстық театрдың актрисасы қызметін атқарды; 1973-1975 жылдары облыстық халық депутаттары кеңесінің II шақырылым депутаты болды; 1980-1982 жылдары Қарағанды қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты болды; 1990 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актрисасы болды.
Марапаттары: 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 1969 жылы «Тың жерлерді игергені үшін», 1984 жылы «Еңбек ардагері» медальдарын алды. 1982 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі құрметті атағына ие болды.
2015 жылы «Сыншылар таңдауы» киножүлдесінің «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» аталымы бойынша лауреаты атанды. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын иеленді.
Театр сахнасында 150-ден астам әйел бейнесін сомдаған. Олардың қатарында У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» шығармасындағы Джульетта, Ш. Айтматовтың «Ана — Жер-Ана» туындысындағы Әлиман, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік, А.Островскийдің «Гроза» драмасындағы Катерина, Қ.Бекхожиннің «Ұлан-асу» пьесасындағы Айтолқын және Иоселианидің «Арба аударылғанша» шығармасындағы Кесарио бар.