ЕСІМДЕР
79 жыл бұрын (1939) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рымкеш ОМАРХАНОВА дүниеге келді.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Сарытау ауылында туған. Қарағанды қаласындағы музыкалық училищені бітірген. 1962-1963 жылдары - Қарқаралы аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, 1963-1990 жылдары - Қарағанды облыстық драма театрының, 1991 жылдан Астана қалалық музыкалық-драма театрының актрисасы қызметтерін атқарған. Сахнада Еңлік, Шолпан, Ақбала, Текті, Мөржан, Сәруар (М.Әуезов «Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан», «Қарагөз», «Түнгі сарын»), Баян, Күнікей, Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты»), Қарлығаш (М.Әуезов пен Л.Соболев «Абай»), Бәтес, Қалиса (С.Мұқанов «Мөлдір махаббат»), Майра (Ә.Тәжібаев «Майра»), Хадиша (С.Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдығын»), Салиха, Зейнеп (Д.Исабеков «Мұрагерлері», «Ескі үйдегі екі кездесу»), Таңқабике (М.Кәрім «Ай тұтылған түн»), Катерина (А.Н.Островский «Найзағай») рөлдерін сомдаған.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
66 жыл бұрын (1952) Ақмола облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жабал Ерғалиұлы ЕРҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) Қарағаш ауылында туған.
1979 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1973 жылдан бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1997-2005 жылдар аралығында Көкшетаудың «Көкшетау» қалалық газетінің бас редакторы қызметін атқарды. 2005 жылы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ақмола облысының және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды. Журналдың алғашқы саны 2008 жылдың 22 наурызында жарық көрді. 2007 жылдың 18 тамызында өткен сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық кіші Ассамблеясының, Тіл және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі болды.
44 жыл бұрын (1947) Курчатов қаласының әкімі Алмас Аманқолұлы ОҢДАҚАНОВдүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басқару», 1999 жылы Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірді.
1995 жылы ШҚО Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің инспекторы, экономисі. 1996 - 1997 жылдары- ШҚО Ақжар ауылында Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының жанындағы экономика комитетінің экономисі. 1997 - 1999 жылдары - Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы. 2000 жылы - Астана қаласындағы энергетика, өнеркәсіп және сауда министрлігінің демпингке қарсы комитетінің бас маманы. 2000 - 2001 жылдары - Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының энергетика, өнеркәсіп, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бас маманы. 2001 - 2003 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының энергетика, өнеркәсіп, телекоммуникация және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы. 2003 - 2004 жылдары - ШҚО сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының хаттама бөлімінің басшысы. 2004 - 2005 жылдары - ШҚО Курчатов қаласының әкімі аппаратының басшысы. 2005 - 2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының басшысы. 2006 - 2007 жылдары - «Қазақстандық метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Шығыс Қазақстандағы филиалының директоры. 2008 жылы - ШҚО статистика басқармасының ауылшаруашылық статистикасы бөлімінің жетекші маманы.
2008 - 2009 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы. 2009 - 2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 2012 - 2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2013 - 2016 жылдары - ШҚО Зайсан ауданының әкімі. 2016 - 2017 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2017 жылғы наурыздан бері ШҚО Курчатов қаласының әкімі.
43 жыл бұрын (1975) Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келді.
Жезқазған қаласында туған.
1997 - 1998 жылдары - О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетінде «Тау кен машиналары мен жабдықтары» кафедрасының көмекшісі. 1999 жылы - Астана қаласында Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау бойынша агентігінің жетекші бас маманы. 1999 - 2001 жылдары - Астана қаласында Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігінің бас маманы. 2001 жылы - «Казахойл-Продактс ЖАҚ «ННК «Казахойл» ЖШС маманы. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігі басқармасының басшысы. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитеті басшысының міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитетінің басшысы. 2003 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде бөлім консультанты, бас сарапшы; сектор меңгерушісі. 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2008 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2012 - 2013 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы; Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі. 2013 - 2015 жылдары - «Нұр Отан» партиясы активін басқару департаменті инспекторы, директор орынбасары, директоры; Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында аудит қызметінің басшысы.
2016 жылдың маусым айынан бастап Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі.
37 жыл бұрын (1981) ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Мұрат Дүйсенбекұлы ӘЙТЕНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған.
2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жылдары - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың желтоқсан айынан бері.