ЕСІМДЕР
Көкшетау облысы Чкалов ауданының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) Қарағаш ауылында дүниеге келген.
1979 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 1973-2005 жылдары «Көкшетау» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, бас редактор болған. 2005-2011 жылдары Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, 2011-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған.
Жезқазған қаласында туған. 1997 - 1998 жылдары - О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетінде «Тау кен машиналары мен жабдықтары» кафедрасының көмекшісі. 1999 жылы - Астана қаласында Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау бойынша агентігінің жетекші бас маманы. 1999 – 2001 жылдары - Астана қаласында Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігінің бас маманы. 2001 жылы - «Казахойл-Продактс ЖАҚ «ННК «Казахойл» ЖШС маманы. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігі басқармасының басшысы. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитеті басшысының міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитетінің басшысы. 2003 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде бөлім консультанты, бас сарапшы; сектор меңгерушісі. 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2008 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2012 – 2013 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы; Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі. 2013 – 2015 жылдары - «Нұр Отан» партиясы активін басқару департаменті инспекторы, директор орынбасары, директоры; Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында аудит қызметінің басшысы.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі.
Қарағанды облысының тумасы. 2009 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «автомобиль жолдары мен аэродром құрылысы» мамандығымен тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақавтожол» РМК-да бастаған. 2002-2010 жылдары «Ботақара су қожалығы» КМҚК директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы болды. 2010-2013 жылдары Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара кентін басқарды. 2013-2015 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының әкімі болды. 2015-2021 жылдары Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамырынан.
Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жылдары - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орынбасары болды.
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қаңтар айынан бері.