АСТАНА
Сағат 14.00-де «Қазмедиа» орталығында «Асыл Ана - Астана» республикалық фетивалі өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 09.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің стадионында аула клубтары арасында футбол лигасы басталады.
Сағат 10.00-де Халық шаруашылығы университетінің стадионында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында банк қызметкерлері арасында ашық спартакиада өтеді.
Сағат 14.00-де «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында IoT Хакатонының жобаларын таныстыру және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Хакатонның мақсаты - IoT технологияларының көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықтарын шешу.