Шығыс аймақтарда тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.
Жамбыл, Алматы, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Карағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-25 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен қатар, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.