АСТАНА
Сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
Сағат 11:00-де Сирек кездесетін орфандық аурулары бар науқастардың мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты жоспарланып отыр.
Сағат 11:00-де Ұлттық музейде «Ертіс индустриалды» халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясының қорытынды баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Балалардың құқығын қамтамасыз ету: міндеттер мен жетістіктер» атты дөңгелек үстел өтпек.
Сағат 14:00-де XII Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция мен KIOSH 2024 көрмесі өтеді.