30 маусым. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 30 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1949) ақын, журналист Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ дүниеге келді.

Фото: ПІБ

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1971-1976 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл Ту» газетінің қызметкері, 1976-1980 жылдары облыстық телерадиокомитет редакторы, 1980-1987 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығының бас маманы, 1987-2007 жылдары облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық Мәдениет басқармасының бастығы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры қызметтерін атқарған. Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры.

«Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім» атты прозалық кітаптардың авторы. «Парасат» орденімен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

72 жыл бұрын (1954) кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сергей Жұмабайұлы ӘЗІМОВ дүниеге келді.

Фото: time.kz

Өзбекстан Республикасында туған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген.

«Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері, Қазақстан Кинематографияшылар одағының хатшысы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997-2001 жылдары ҚР Президенті Телерадиокешені бас директорының орынбасары, Алматы телеорталығының директоры, 2001-2002 жылдары «Хабар» агенттігінің бас продюсері, 2002-2007 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясының бас директоры қызметін атқарған.

«Шеңбер», «Ұлдар», «Мен Абайды әке деймін», «Қиянат», «Астана – жаңа ел ордасы», «Мүмкін емес ештеңе жоқ», «Бейтаныс Назарбаев» т.б. толық және қысқаметражды деректі фильмдерді қойып, кейбірінің сценарийін жазды.

58 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхтар Бескенұлы ТІЛЕУБЕРДІ дүниеге келді.

Фото: t.me/pressmfakz

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка институтында және Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институтында тәжірибе алған.

Оқуды аяқтағаннан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

Дипломатиялық қызметін 1993 жылы атташе лауазымынан бастады. Орталық аппараттағы жұмыс барысында Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.

2003 жылы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды.

2004 жылы еліміздің Малайзиядағы Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней Даруссалам және Филиппин Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылы Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі болып тағайындалды және Лихтенштейн Княздігі мен Ватикан Мемлекетінде Елші қызметін қоса атқарды, сонымен қатар Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінде және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болды. 2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді. 2016-2019 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары болған. 2019-2021 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі,2021-2023 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.

«Ерен еңбегі үшін» (2014), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «10 лет ШОС» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарімен марапатталған.

58 жыл бұрын (1968) «Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма» басшысы Қайролла Дүйсешұлы КӨШҚАЛИ дүниеге келді.

Фото: ortcom.kz

Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) туған. Гурьев педагогикалық институтын бітірген.

2016-2023 жылдары Атырау қаласының Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

49 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Асқар Қуанышұлы УМАРОВ дүниеге келген.

Фото: Kazinform

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетінде халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша білім алған. Израиль мен Польшада тәжірибеден өткен.

Еңбек жолы: 1997 жылы Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық орталықтың экономика жөніндегі маманы, 1998-1999 жылдары «БИКО» баспа үйінің маркетинг жөніндегі маманы, 2001-2004 жылдары «Новости Недели» ЖШС, тілші, саясат бөлімінің меңгерушісі, 2004-2006 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының шеф-редакторы, директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның бас менеджері, «Infinity Communication» ЖШС креатив директоры қызметтерін атқарған. 2008-2010 жылдары «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, 2011-2013 жылдары «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті, 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры, 2014-2017 жылдары «ҚазБизнесМедиа» ҚҚ-ның президенті лауазымдарында қызмет еткен. 2017-2020 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС бас директоры, 2020-2021 жылдары «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасы, 2021-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінде болды. 2022 жылы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.