Бұл әзірге әлемдегі ең үлкен хот-дог болып отыр. Айта кетерлігі, ол бұған дейін жер бетіндегі ең үлкен гамбургерді дайындаған аспазшы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. Осы жолы ол алып хот-догты дайындап, рекордын жаңартуға бел байлаған екен.
Алып нан мен шұжықты дайындауға үш сағаттан астам уақыт жұмсаған. Аспазшы ең үлкен хот-догты дайындау үшін 40 метрлік грильді пайдаланыпты. Қазір арнайы комиссия Бретт Энрайттың «тіскебасарын» өлшеп, шешім қабылдау үшін ақпаратты Гиннес редордтар кітабының өкілдеріне жолдады, деп жазады Day.Az.