Сонымен қатар, құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде.
Сондай-ақ, WWW.QURBAN2020.KZ қайырымдылық жобасы аясында құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы оң пікірлер келіп түсуде.
Еске салсақ, Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.