Өткен жылдың 29 желтоқсаннан биылғы жылдың 3 қаңтар аралығында жарты миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Оның 92 мыңы Астанаға тиесілі.
Ал 30 мыңнан астам жолаушы жаңа 2017 жылды пойызда қарсы алған.
Жаңа жыл мерекелеріне орай өскен тасымалдау қызметін қамтамасыз ету үшін қосымша пойыздар қосылды.
«ҚТЖ» АҚ өткізу процесімен айналысатын барлық бөлімшелер жаңа жылдық мерекелер кезінде ерекше тәртіптемемен жұмыс істеді. Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жетекші құрам кезекшелігі ұйымдастырылды. Барлық теміржол тораптарында қауіпсіздікті күшейту аясында қосымша шаралар қабылданды.
Жүк тасымалдау мен магистральдік желі жетекшілері мереке күндері станциялардағы қозғалыс қауіпсіздігін тексерді.
Сонымен қатар жолшыларда ауа райының қолайсыздығына қарамастан пойыздардың өткізілімін қадағалап, күшейтілген тәртіптемеде қызмет атқарды. Боран, көктайғақ пен тұманға байланысты сол күндері төрт көлік жоларналары жабылған.
Өткен алты күн ішінде 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 18 мың шақырым қар темір жолдарынан тазартылды. 120 мың текше метр қар жинап алынды.