30 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

Фото: ҚазжолҒЗИ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 30 наурызда келесі автожолдарда қозғалыс шектелді:

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы аралығы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы (Қалқаман жол айрығынан Қалқаман кентіне кіру және Астанаға шығу).

Қостанай облысы

• Су тасуына (ені – 70 м, биіктігі – 20 см) және Ресейдегі жолдардың жабылуына байланысты «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 0-9-шақырым аралығында учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында (46-66-шақырым аралығы, Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

Еске салайық, «Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейетінін болжаған еді.