30 наурызда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 наурыз күні елімізде өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

8.00-де ҚР Премьер-Министрі - Ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеевтің Ақмола облысына жұмыс сапары басталады.

9.40-та  БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы төртінші мерзімді баяндаманың жобасын талқылауға қатысты қоғамдық қабылдау өтеді.

10.00-де Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығында Еуропаның жетекші урологтарының қатысуымен урологиядағы халықаралық тәртіпаралық кеңес өз жұмысын бастайды.

11.00-де  «RamadaPlaza» қонақүйінде Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен геологтар күніне орай салтанатты жиын өтеді.  

 Сондай-ақ  11.00-де ҚР СІМ-де Қазақстанның Монғолиядағы елшісі Қалыбек Қобландиннің қатысуымен брифинг өтеді.

11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін және мемлекеттік саясат пен діни қарым қатынас  саласын студенттік жастарға түсіндіру және талқылау бойынша жиын өтеді.

11.00-де  Орталық коммуникациялар қызметінде «Цифрландыру аясында мемлекеттік сатып алу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

12.00-де  «Хан-Шатыр» ойын сауық-сауда орталығында БҰҰ-ның Даму  бағдарламасы Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен «Астана! Бірге! Жарық! Мен ақылды  қаламды сүйемін!»  атты екінші эко-фестиваль ұйымдастырылады.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Бес әлеуметтік бастамалар»  бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде өрт қауіпсіздігі аумағында мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы жөнінде брифинг өтеді.

 16.00 Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бірлескен отырысы өтеді.

19.00-де Назарбаев Университетінде жыл сайын ұйымдастырылатын «NU Orchestra Grand Concert» концерті университет оркестірінің сүйемелдеуімен өтеді.

АЛМАТЫ

 9.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік үниверситетінде Алматы қалалық жастар саясаты Мемлекеттік даму қоры «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігімен жоғары оқу орындарындағы студенттік командалар арасында Ашық қалалық жарыс өтеді.

9.30-де «Сұңқар» шаңғы трамплині  кешені аумағында   Алматы қорғаныс департаментінің, «Экстремалды атлетика» АБ, Әскери-техникалық мектебі,  ОО «Экстремальная атлетика», Әскери институт, Құрлықтағы әскер, ҚР Қарулы Күштерінің десантты шабыулдаушыларымен  II Халықаралық «Sarbaz Race» әскери-спорттық   ойындары ұйымдастырылады.

10.00-де ҚР БҒМ-не қарасты Ғылым Комитетінің философия, политология және дінтану Институтында «Шығыс пен Батыстың екіжақты  мәдениетінің диалогы арқылы  бірлік пен әралуандылық: ежелгі әлем, ортағасыр, жаңа және жаңаша өмір» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.

12.00-де Оқушылар сарайы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Наурыз мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырады.

 14.00-де Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінде ТМД-нің мемлекеттік-қатысушылар  ерекше білімді қажетсінетін  балалардың ІІ Халықаралық мәдени-ағарту  форумының салтанатты ашылуы өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

11.00-де  Көкшетау қаласында геологтар күніне орай салтанатты шара өтеді. Оғаноблыс әкімінің орынбасары мен аумақтық департаменттердің және басқармалардың басшылары, геология ардагерлері, геология-барлау  компаниялары мен табиғат пайдаланушылар қатысады деп күтілуде.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 14.00-де  облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының ХХ сессиясы өтеді. Күн тәртібінде кәсіби-техникалық білімді жетілдіру, СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының есебі, жергілікті халықтың денсаулықты сақтау мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының есебі және т.б мәселелер қаралады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

9:30-да Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығында соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі топ жетекшісі Т.Смайлова, үйлестіруші-судьялары Б.Байдуллаев және В.Мирошниковтардың қатысуымен кейбір резононсты істер бойынша брифинг өтеді.

11.00-де Шымкент  зообағында Халықаралық құстар күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. "Экологиялық орталық" ұйымдастырған шара мектеп оқушыларының  құстар жəне олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту жəне қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында өткізілетін болады.