АТАУЛЫ КҮНДЕР
Халықаралық джаз күні
Алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Жаңа күннің күнтізбеге енгізілетіні туралы ЮНЕСКО Бас конференциясы 2011 жылғы қарашада жариялаған еді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1945 жылы Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды.
2010 жылы Ұлан-Батордағы Моңғол ғылым академиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Еуразия жүрегінде» кітаптарының тұсауы кесілді.
2010 жылы Шанхайда Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов «ЭКСПО-2010» көрмесінде ұлттық павильонның ашылу рәсіміне қатысты. Қазақстан павильонының тақырыбы: «Астана - Еуразия жүрегі». Павильонға Қазақстан Астанасының әдемілігін көрсету үшін виртуалдандыру технологиясы, озық ақпараттық жүйе пайдаланылды. Қазақстан павильонының алаңы 1 240 шаршы метр, ұзындығы 20 метр. Жапония және Оңтүстік Корея павильондарына жақын орналасқан. Экспозициясы сегіз аймақтан тұрады: «Білім бағы», «4D кинотеатр», «Интерактивті ойын-сауық», «Астана қаласы», «Мәдени мінбер» және т.б.
2012 жылы таэквондодан жаттықтырушы тараздық Руслан Исмазов «Ордабасы» атты жаңа командалық ойынын патенттеді. Бұл ойында төрт адамнан құралған екі команда шығыс жекпе-жегінен сайысқа түсіп, жалауды иеленуге таласады.
2013 жылы Әбу-Дабидегі «ADNEC» көрме орталығында алғаш рет қазақстандық кітаптар ұсынылды.
2013 жылы алматылық Ольга Коренчуктің «Дорога номадов» атты туындысы жыл сайынғы «Аустриялық фотосуреттік суперкруизде» «Арнайы тақырыптар» бөлімі бойынша алтын медаль иеленді.
2013 жылы Астанадағы «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Joint Commission International (JCI) халықаралық бірлескен комиссиясы құрамына кірді.
2014 жылы Мажарстанның Секешфехервар қаласындағы Янош Кодолани астындағы Қолданбалы ғылымдар университетінде «Қазақстан жолы және Н.А.Назарбаев» кафедрасы ашылды.
2014 жылы Астана уақыты бойынша 7 сағат 35 минутта Куру ғарыш айлағынан еуропалық «Вега» зымыраны ұшырылды. Ол орбитаға Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау спутнигін шығарды.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан институционалдық реформаларды жүзеге асыру мақсатында Жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
2017 жылы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер Ашхабадта өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Линдер 335 келіні көтерді.
2017 жылы репрессия жылдарында қуғынға ұшыраған ақын және драматург Ілияс Жансүгіровтің құжаттары ақынның Талдықорғандағы әдеби-мемориалдық музейіне берілді.
2018 жылы қазақстандық оқушы Дінмұхаммед Төлендиев 7 жасқа дейінгі санатта шахматтан әлем чемпионы атанды.
2018 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен «Эгоизм мен мәдени құндылықтардың қайта өрлеуі: түркі тілі өткеннен болашаққа дейін» халықаралық форумы аясында танымал қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы кітап жарыққа шықты.
2018 жылы ақмолалық ағалы-сіңлілі Әмір мен София Махметтер Қазақстан құрамасы сапындабразилиялық джиу-джитсудан «ABU DHABI WORLD PROFESSIONAL JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2018» беделді турнирінде жеңімпаз атанды.