ЕСІМДЕР
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Қазақ радиосы мен телевизиясының редакторы, аға редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарған. 1967-1984 жылдары Қазақ телевизиясы бағдарламалар бас редакциясының бас редакторы. 1984-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі. 1986-1993 жылдары - «Өнер» баспасының директоры. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Тіл комитетінің төрағасы. 1995-1997 жылдары - Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Авторлық құқық жөніндегі комитет төрағасы. 2001-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры. 2005 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста, «Заң - насихат» ЖШС бас директоры болды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі мемлекеттік комисиясының мүшесі болып сайланған. Қазақстанның ономастикалық, терминологиялық комиссияларының жұмысын басқаруға қатысып, көптеген жер атауларының тарихи қалпына келуіне үлес қосқан. Ондаған әдеби-зерттеу мақалалары, «Өмір шындығы және көркемдік шешім» атты монографиясы, «Авторды қорғау - руханиятты қолдау», «Жүректің көзі ашылса» атты кітаптары, орыс және шетел жазушыларының роман, повестерін қазақшалаған еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі «Абай елі» атты альбом-шежіресі әлемнің 70-ке жуық еліне тараған. Ол «Сұхбат», «Халық қазынасы», «Шұғыла», «Қымызхана», «Кездесу», «Айтыс» хабарларын алғаш ұйымдастырып, сценарийлерін жазып, эфирде жүргізген, 300-ге жуық әдеби сценарий мен 40 шақты ғылыми-зерттеу мақаланың авторы.
Украинаның Черкасск облысы Чигирин қаласында туған. 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист» мамандығымен, 1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «саясаттанушы» мамандығымен тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы «Ленинская смена» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі болып бастаған. 1988 жылдан - «Арай-Заря» қоғамдық-саяси, әдеби-көркем республикалық жастар журналының бөлім редакторы, бас редакторының орынбасары. 1991 жылдан - Қазақстанның КП ОК «Сұхбат-Позиция» жаршысы бас редакторының орынбасары. 1992 жылдан - «АЗиЯ» мемлекетаралық газетінің шолушысы. 1997 жылдан - «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ бас редакторының орынбасары, 1998 жылдан - бас редактордың бірінші орынбасары, 2002 жылдан - вице-президенті. 2007-2011 жылдары - «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті. «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2011-2014). «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы (2014-2016). «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (09.2016-12.2016).
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың желтоқсанынан.
1973 жылы Моңғолия Республикасында туған, заң ғылымдарының докторы.
Еңбек өтілі: Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің оқытушысы (1996-1998); Қазақ гуманитарлық заң университетіндегі Мемлекет және құқық теориясы мен тарих кафедрасының доценті (2004-2009); ҚазГЮУ-да кафедра меңгерушісі (2009-2010); «Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ Жоғары заң мектебінің директоры (2011-2016).
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдың наурыз айынан бастап.