30 сәуірде басым өңірде күн райы құбылмалы болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 сәуірде республиканың басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы күтіледі: найзағай, дауыл, жаңбыр болады. Елдің шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында және өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 24-29 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында желдің күші 23 м/с артады.

Атырау облысының шығысында оңтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.