30 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 сәуірде елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойдың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Министр есеп беру кездесуінде министрліктің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы айтады, сондай-ақ көпшілік сұрақтарына жауап береді. Министрліктің https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

ресми интернет-ресурсында есеп беру кездесуінің тікелей көрсетілімі өтеді.

14.30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру» атты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов, ҚР ҚМ киім-кешек басқармасының бастығы Әсет Оразалин, ҚР ҚМ азық-түлік басқармасының бастығы Қайнар Сманов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Отырыста Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасын талқылау жоспарлануда. Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/aqparatqogam/ ресми парақшасында өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан және Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан және Ресей өнер академиясының мүшесі, UNESCO, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, қазақ өнерінің жанашыры, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Бейнелеу және дизайн» факультетінің доценті Камила Жапалованың «Өмір өрнек» атты көрмесі салтанатты түрде ашылады.

16.00-де Достық үйінде онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған телекөпір өтеді. Аймақтардан келген қатысушылар ZOOM конференциялық платформасы арқылы қосылады.

17.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI» лабораториясының ашылуына орай, БАҚ өкілеріне арналған баспасөз конференциясын өткізеді.