30 сәуір. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 30 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандар назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1941) Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің ректоры Амангелді Жұмағалиұлы ОМАРОВ дүниеге келді.
Балқаш қаласында туған. 1966 жылы Новосібір темір жол инженерлері институтын бітірген. Техника ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерінің темір жол төсемдерінің өнімділігіне әсері» (1998); Халықаралық көлік академиясының академигі (1993); Халықаралық инженерлік академияның академигі (1998); ҚР Инженерлік академиясының академигі (2000); Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2001); ҚР Жоғары білім ғылым академиясының академигі (2002); Халықаралық жоғары білім ғылымдары академиясының академигі (2003).
Еңбек жолы: 1966-1968 жылдары Қазақ темір жолының Арыс, Қарағанды жол арақашықтығының аға шебері, жол шебері, аға жол шебері, 1968-1977 жылдары Қарағанды жол арақашықтығының бас инженері, бастығы, Балқаш жол арақашықтығының бастығы, 1977-1983 жылдары Тың темір жолының Қарағанды бөлімшесінде жол бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары, бас инженері, 1983-1991 жылдары Алматы темір жолы бастығының орынбасары, 1991-1997 жылдары Алматы темір жолының бастығы, 1997 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары, 1997-2003 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының президенті, ректоры, 2003 жылдан — Қазақ теміржол көлігі университетінің ректоры.
«Ерен еңбегі үшін» және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медальдарімен, «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1961) ҚР Журналистика академиясының академигі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Александр Юрьевич ТАРАКОВ дүниеге келді.
Украинаның Черкасск облысы Чигирин қаласында туған. 1983 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист», 1993 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «саясаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1983-1988 жылдары «Ленинская смена» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, 1987-1991 жылдары «Арай-Заря» қоғамдық-саяси, әдеби-көркем республикалық жастар журналының бөлім редакторы, бас редакторының орынбасары, 1991 жылы Қазақстанның КП ОК «Сұхбат-Позиция» жаршысы бас редакторының орынбасары. 1992-1994 жылдары «АЗиЯ» мемлекетаралық газетінің шолушысы, 1994 жылы бөлім меңгерушісі, 1998 жылы бас редактордың бірінші орынбасары, 2002-2007 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ бас редакторының вице-президенті, 2007-2011 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті, 2011-2014 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, 2016 жылы «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры қызметін атқарған.
54 жыл бұрын (1972) Ұлытау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, Ұлытау аудандық мәслихатының экономикалық даму, бюджет, қаржы, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Виктория Александровна СТАВИЦКАЯ дүниеге келді.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақпай кентінде туған. 2001 жылы О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2005 жылы «Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, 2009 жылы «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, 2010 жылы «Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2013-2022 жылдары «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2022 жылы «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы, 2022-2024 жылдары Ұлытау облысы экономика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2024 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.
53 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапаққызы ШАПАҚ дүниеге келді.
1973 жылы Моңғолия Республикасында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1998 жылдары Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің оқытушысы, 2004-2009 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетіндегі Мемлекет және құқық теориясы мен тарих кафедрасының доценті, 2009-2010 жылдары ҚазГЗУ-да кафедра меңгерушісі, 2011-2016 жылдары «Қазақ мемлекеттік заң университеті» АҚ Жоғары заң мектебінің директоры, 2016-2022 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды. М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-да оқытушы.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
51 жыл бұрын (1975) Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алтынбек Балтабайұлы САБЫРОВ дүниеге келді.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Ақтөбе мемлекеттік университетін (1996), «Әділет» жоғары заң мектебін (2000) бітірген.
Еңбек жолы: 1997-2001 жылдары Ақтөбе облыстық сот отырысының хатшысы, 2001-2005 жылдары Ақтөбе облысы бойынша Соттар Әкімшісі Соттардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, 2005-2012 жылдары Мұғалжар аудандық сотының судьясы, 2012-2017 жылдары Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы, 2017-2022 жылдары Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың желтоқсанынан бері.
45 жыл бұрын (1981) «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Нұрланұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.
Алматыда туған. 1987 жылы Алматыдағы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, 2019 жылы Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін бітірген.
Кәсіби қызметін 2002 жылы ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде бастап, Департамент директорының орынбасары лауазымын қоса алғанда, бірқатар жауапты лауазымда еңбек етті, ақша-кредит саясатын іске асыруға және Ұлттық қордың активтерін басқаруға жетекшілік етті.
KASE-де Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, сауда-саттық пен клиринг қызметін бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырды. 2021-2025 жылдары «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымына 2025 жылдың наурызында кірісті.
113 жыл бұрын (1913-1999) (кейбір деректер бойынша 1912 жылдың 20 желтоқсанында туған) суретші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-нің халық суретшісі Әубәкір ЫСМАЙЫЛОВ дүниеге келген.
Қарағанды облысында туған. Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газеті мен Петропавл қаласындағы өлкетану мұражайының суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі әрі режиссері қызметтерін атқарған.
Ұлттық кескіндеме өнерінің реалистік бағытындағы суретші, стилі халық шеберлері туындыларымен астасып жатады. «Көртоғай», «Хан Тәңіріндегі жайлау», «Шалкөде алабы» атты шығармалардың авторы. Бірқатар кино фильмдерге де түскен.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
85 жыл бұрын (1941-2021) қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, Халықаралық Абай атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Халықаралық телевизия және радио академиясының (JATR) академигі Сұлтан Шәріпұлы ОРАЗАЛЫ дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
Қазақ радиосы мен телевизиясының редакторы, аға редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарған. 1967-1984 жылдары Қазақ телевизиясы бағдарламалар бас редакциясының бас редакторы, 1984-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі, 1986-1993 жылдары «Өнер» баспасының директоры, 1993-1995 жылдары ҚР Тіл комитетінің төрағасы, 1995-1997 жылдары Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, 1997 жылы ҚР Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, 1998-1999 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Авторлық құқық жөніндегі комитет төрағасы, 2001-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігі Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. «Заң — насихат» ЖШС бас директоры болды.
Ол ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің, ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі мемлекеттік комисиясының мүшесі болып сайланған. Қазақстанның ономастикалық, терминологиялық комиссияларының жұмысын басқаруға қатысып, көптеген жер атауларының тарихи қалпына келуіне үлес қосқан. Ондаған әдеби-зерттеу мақалалары, «Өмір шындығы және көркемдік шешім» атты монографиясы, «Авторды қорғау — руханиятты қолдау», «Жүректің көзі ашылса» атты кітаптары, орыс және шетел жазушыларының роман, повестерін қазақшалаған еңбектері жарық көрген.