30 тамыз күні елордада автобустар жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, қоғамдық көлік уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жексенбі, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтайды. Дүйсенбі, яғни 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді», - деп хабарлады CTS.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы автобустар бүгіннен бастап рейстерге жаңа кесте бойынша шыға бастады.

Қаладағы қоғамдық көлік енді 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет. Салонға маскасыз кіруге тыйым салынады.