ЕСІМДЕР
Көкшетау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын (1983), «Тұран» университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты. 1983 - 1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сақтандыруда инженер-экономист болып жұмыс істеген. 1986 - 1989 жылдары Көкшетау қалалық атқару комитетінде инженер-экономист, экономист, аға экономист болып жұмыс істеген. 1991-1992 жылдары - Көкшетау қаласында шаруашылық есептік-экономикалық топ жетекшісі. 1992-2006 жылдары - «Тілектес» ЖШС-нің директоры, «АВЗ - 007» ЖШС-нің қаржылық директоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қаржы департаментінің басқарма бастығы. 2008 жылдан бастап «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 1998-2002 жылдары - Іскер әйелдер қауымдастығының Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы (қоғамдық негізде). 2000 жылы АҚШ-та тағылымдамадан өткен. 2001 жылы АҚШ-та «SАBIT» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. 2002-2006 жылдары - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының төрайымы (қоғамдық негізде). 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші және 2016 жылдың наурыз айынан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2002 жылдан «Ақ жол» ҚДП мүшесі. 2002 - 2005 жылдары «Ақжол» ҚДП-ның Ақмола облыстық бөлімшесінің төрайымы. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі. 2016-2020 жылдары алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы болды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылордадағы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетінің физика және тәрбие ісі жөніндегі әдіскері бөліміне оқуға түскен. Еңбек жолын 1992 жылы Жалағаш аудандық №31 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2001 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бас маманы ретінде бастаған. 2005 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымына ауысқан. 2005 жылы «Болашақ» университетін заңгер мамандығы бойынша бітіріп, екінші жоғары білім алды. 2005 жылдың 1 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қызылорда облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызметті кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2007 жылдың 19 сәуірінен 2007 жылдың 7 қарашасына дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2007 жылдың 7 қарашасынан 2011 жылдың 8 маусымына дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылдың 8 маусымынан 2015 жылдың 8 қыркүйегіне дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2015 жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2016 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттінің басшысы, 2016-2018 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет департаментінің этика жөніндегі кеңесі хатшылығының меңгерушісі, басшы орынбасары, 2018-2021 жылдары Астана қаласы бойынша бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы болған.
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан.