Оқиға Виндзор қаласының маңында орын алған. Мұнай қоймасы Noble Energy компаниясының маңында болған. Апатты жоюға қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері қатысты.
«Ауыз су тоғандарына мұнай тиіп үлгерген жоқ», - деп мәлімдеді штаттың қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау министрлігі департаментінің өкілі. Оның айтуынша, Noble Energy территориясында 178 баррель шикі мұнайы бар тағы бір қойма тұр, бірақ бұл қойма зақымданбаған.