Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, оның аясында балалардың терезеден құлауын алдын алу бойынша профилактикалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
— Қала әкімдігінің қолдауымен 1425 терезелердің ашылуын шектейтін құрылғылар сатып алынып, олар мұқтаж санаттағы — көпбалалы отбасылар мен әкімшіліктің есебінде тұрған әлеуметтік осал топтар санатына кіретін отбасыларға орнатылмақ. Бүгінгі күнге дейін бұл құрылғылар 465 пәтерге тегін орнатылды, — делінген хабарламада.
Техникалық шаралардан басқа, алдын алу шараларға ерекше назар аударылып келеді:
— тұрғындарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салатын апталық SMS-хабарламалар жіберіледі;
— мектептер мен балабақшаларда жазғы демалысқа дейін оқыту сабақтары мен ойындар өткізілді;
— халықпен кездесулер ұйымдастырылып, 7000-нан астам ақпараттық парақша таратылды;
— ТЖД қызметкерлерінен «Жылжымалы қауіпсіздік мектебі» құрылып, түсіндірме сабақтары аясында балалар лагерінде 170-тен астам бала оқытылды.
Қалалық ТЖД мәліметінше, науқанның мақсаты — әрбір баланың өмірі мен денсаулығын сақтау. Аталған жұмыстар жалғасын табады.
Осыдан бұрын Алматыда электровелосипед иелеріне ескерту жасалды.