«Қазіргі пайдаланып жүрген заңда "жастар" ұғымында 14-тен 29 жасқа дейінгілер қамтылады. Мен Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметін атқарған кезде, біз шетелдік тәжірибені зерттеп, тиісті сараптамалардан кейін заң жобасына тағы 1 жас қосқан едік. Яғни, онда «жастар» санаты 14-тен 30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ, заң жобасы әлі қабылданған жоқ. Ол министрлік тарапынан Парламент қарауына енгізілді және осы тұрғыда әртүрлі ойлар мен пікірлер айтылады»,- деп тоқталды ректор. «Менің ойымша, жастар ұғымы он төрт пен отызға дейінгі аралықты қамтуы керек. Себебі, ол әлемдік тәжірибеге негізделген», - деп түйді М. Сарыбеков.
13:29, 19 Наурыз 2014
30 жастағы адам «жастар» санатына кіруі керек пе?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар санатына 14 пен 30 жас аралығындағылар кіруі тиіс. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында осындай пікір айтты.