Бұл туралы елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«3 қазан күні шамамен түскі сағат 14.00-де белгісіз ер адам «102» номеріне хабарласып, Астана вокзалына бомба қойылғандығын айтты. Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтерінің барлығы аттанды. Вокзал қызметкерлері мен жолаушылар түгелдей қауіпсіз жерге көшірілді. Теміржол вокзалы мен автовокзалды тінту барысында жарылғыш зат табылған жоқ»,-деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Жедел әрекет ету қызметі іздеу шараларының барысында Шығыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері Астанада бомба және терроризм туралы 8 жалған ақпарат тіркелген. Тәртіп сақшылары телефон «террористерін» тез қолға түсіріп отырған. Олардың дені жалған ақпарат тарату кезінде мас күйінде болғаны анықталды.