30 жыл бұрын ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды
10:11, 21 Желтоқсан 2021
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - 21.12.1991 ж. Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды, деп жазды бүгін ҚР ПРезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
«30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады»,-делінген Мемлекет басшысының жазбасында.