«Ақтөбе қаласында облыс әкімдігіне шабуылдаушылардың бірі ұсталды. Сол күндері бұл қылмыскер «WhatsApp» мессенджерін пайдаланып, 300-ден астам адамды жинады. Содан кейін аталған адамдар Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алуға белсенді түрде қатысты», - деді Бас прокуратура өкілі.
Айтуынша, осы оқиға салдарынан 31 сақшы ауыр жарақат алған.
«Шабуылға тойтарыс беру кезінде құқық қорғау органдарының 31 қызметкері ауыр дене жарақаттарын алды. Күдікті және оның сыбайластары сот санкциясымен қамауда отыр», - деді Елдос Қилымжанов.
Бұған дейін ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде әсіресе үш өңірде нысандар қатты тоналғанын айтқан еді.