300-ге жуық студент қызылшаға күдікпен медициналық көмекке жүгінді

Фото: Фото: Pixabay

Үкімет үйінде ЖОО мен мектептердегі қызылшаның таралу көрсеткіші айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгінде жоғары оқу орындарының 8 мыңға жуық студенті медициналық көмекке жүгінді Олардың 200-300-ге жуығы қызылшаға күдікпен жүгінді. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен, бас дәрігерімізбен тікелей байланыстамыз. Әзірге эпидемиологиялық жағдайға себеп жоқ. Біз ахуалды бақылап отырмыз. ЖРВИ бойынша мәселе бар, бірақ қызылша өте аз», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ведомство қызылшаның таралуына мониторинг жүргізіп отыр.

«Әзірге Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл бағытта нақты шешімдер жоқ. Аталған ведомствомен байланыста боламыз», - деп толықтырды министр.