«Ауа райының нашарлауына байланысты (тұман) Шарджа қаласының әуежайында авиарейстердің ұшырылымын кейінге қалдыруда. «Эйр Арабия» авиакомпаниясының деректеріне сәйкес бүгін Шарджадан екі рейс ұшуы қажет болатын: Алматыға (180 адам) және Астанаға (140 адам) рейстер кейінге қалдырылды», - деп жазды Facebook-тағы парақшасына Иғалиев.
ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің хабарламасына сәйкес Шарджа әуежайында Дубайдағы ҚР Консулдығының қызметкерлері тұрақты жұмыс жүргізуде. Дубайдағы ҚР Консулдығы кезекші дипломатының телефоны 9-71-433-97-151, 9-715-884-50-900. Туризм индустриясы департаменті Дубайдағы ҚР Консулдығымен тұрақты байланыста, - деп атап өтті ол.