- Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл - біздің басты жетістігіміз. Соңғы үш жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді,- деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы - 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.