3000 жылға түрмеге қамалған лаңкес бостандыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда ЭТА баск террорлық ұйымының 66 жастағы белсенді мүшесі Сантьяго Арраспиде Сарасолла бостандыққа шықты, деп хабарлады ТАСС.

Сарасолла бірнеше террорлық акцияларға қатысқаны үшін жазасын өтеуге тиісті 3000 жылдың 28-ін түрмеде өткізді. Айыптау мәліметтері бойынша, ол 1986 жылы Мадридте және 1987 жылы Барселонада сауда орталығында болған жарылыстарды ұйымдастыруға қатысты болған.

Айыпталушы түрмеден ЕО елдеріндегі заңгерлік нормалардың арқасында босап шықты.